Қылмыс мекені: қазақстандық есірткі дилерінің маркетингі
Эксклюзив

Қылмыс мекені: қазақстандық есірткі дилерінің маркетингі

16 мамыр, 16:17 571 Астана
Қылмыс мекені: қазақстандық есірткі дилерінің маркетингі

Есірткі сататындар кокаин, амфетамин және тағы басқа зиянды заттарды таратудың түрлі жолдарын меңгеріп, әккі болған. BNews.kz АА есірткі сататын арнайы сайтты тауып алды және адам өмірін құрдымға апаратын сатушылардың жұмысын зерттеді.

Диэтиламид d- лизергин қышқылы мен экстаз Қазақстан Республикасының аумағында, атап айтқанда Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында таратылып жатыр.

Дилермен тікелей байланысқа шығу мүмкін емес. Барлығын анонимді түрде басқарып отыр. Арнайы сайтына кіріп, тіркелгеннен кейін хабарлама жіберіп, модератор жұмысты жүйелейді.

Логин мен құпия сөз алғаннан кейін сайтқа кіріп, есірткінің бірнеше түрі бар екеніне көзіңіз жетеді. Таблеткадан ұнтақ түріне дейін ұсынады. Оны сатып алу үшін QIWI әмиянға ақша жіберу керек.

Фото: сайттан скрин

Тауарды алу үшін тек бір QIWI әмиян емес, бірнеше QIWI нөмір бар. Қылмыскерлер өздерінің қауіпсіздігін жақсы қадағалап отыр.

Содан кейін олар арнайы код береді. Ол арқылы ақшаның түскендігін тексереді. Ақша төленгеніне көзі жеткеннен кейін, есірткіні алып кететін мекенжай туралы хабарлама жібереді.

Бұл сайттан есірткі заттарын сатып алған клиенттер оның кері әсерлері туралы жабық чаттарда талқылайды. Көбі тауарлардың психиканы бұзатынын, түрлі қорқынышты түстер көргенін, үрей сезімі пайда болатынын және айқайлағандарын жазыпты.  
BNews.kz редакциясы есірткі, психотропты заттар мен олардың баламасын қолдану денсаулыққа кері әсер ететінін, оларды сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау мен өңдеу, есірткі затттарын пайдалану үшін притон ұйымдастыру қылмыс болып табылатынын және ҚР ҚК 297-бабына сәйкес 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатындығын ескертеді. 
Бұл мәселеге байланысты BNews.kz АА ҚР ІІМ ресми хат жолдады. Ведомствоның жауабымен оқырмандарымызды таныстыратын боламыз.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «қылмыс»