Көкшетауда үздік мемқызметкерлер сынға түсті

Көкшетауда үздік мемқызметкерлер сынға түсті

20 маусым, 18:59 165 Ақмола облысы
Көкшетауда үздік мемқызметкерлер сынға түсті

Бүгін Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Үздік мемлекеттік қызметкер – 2017» облыстық конкурсының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды BNews.kz облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.  

Байқауды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған. Оның мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, мәртебесі мен имиджін арттыруды көздейді. Ақтық сынға жалпы саны 10 мемқызметкер жолдама алған. Қазылар алқасы конкурсанттардың  заңнаманы, мемлекеттік тіл мен тарихты білуін ескерді.   

Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бас маманы Дәулетбек Әділбек І дәрежелі дипломмен марапатталды. Еңбекшілдер ауданы әкімі аппаратының бас маманы Әсем Бейсембаева 2 орын, ал 3 орынға Родина ауылдық округының әкімі Белла Газдиева лайық деп танылды. Ал облыстық білім басқармасы бас маманы Есбол Тоқаев көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпаздардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «мемлекеттік қызметкер»