1 желтоқсанда Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығына кіру тегін
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 315.55
EUR 338.93
CNY 45.73
RUB 5.53


1 желтоқсанда Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығына кіру тегін

23 қараша 2016 ж 13:16 , Қарағанды облысы
ФОТО: baq.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ашық есік күнін өткізеді. Осы күні орталық мұражайының экскурсия жетекшілері келушілерге тегін қызмет көрсетпек, деп хабарлады Baq.kz.


Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени орталық директорының негізгі істер жөніндегі орынбасары Нәзира Ілиясованың айтуынша, бұл күні орталықта мерекеге орайластырылып көптеген іс-шаралар өтпек.

«Тұңғыш Президент мерекесіне орай орталықта Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев жайында көркем фильмдер мен деректі фильмдер көрсетіледі. Сондай-ақ келушілер Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы жайында сыр шертетін көрмені қызықтай алады. Экскурсия жетекшілері қонақтарға тегін қызмет көрсетеді», дейді Нәзира Асхатқызы.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, осы күні облыс бойынша 300-ге тарта шара өтеді деп жоспарланған. Қала тұрғындары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған көрмелерге, дөңгелек үстелдерге қатысып, концерт тамашалай алады. Сондай-ақ ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады деп күтілуде. Жәрмеңкеде қарағандылықтар көкөніс пен жеміс жидектерді, ет өнімдерін және тағы да басқа азық-түлікті базар бағасынан 15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments