BAQ.kz ақпарат агенттігінің құрылғанына 6 жыл
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


BAQ.kz ақпарат агенттігінің құрылғанына 6 жыл

24 қараша 2016 ж 11:55 , Астана
ФОТО: BNews.kz

Елімізде қазақ тілінде сапалы ақпарат таратушы медия-ресурс қатары көп емес. Соның бірі, һәм бірегейі BAQ.kz ақпарат агенттігіне бүгін 6 жыл толып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.


Алты жылдық тарихы бар ақпарат агенттігі өз жұмысының нәтижелі қорытындысымен қоса келешекке қояр мақсат-міндеттерін жоғары деңгей мен кең көлемде айқындай алады.

Бүгінгі таңда BAQ.kz – ана тілімізді насихаттауда алдыңғы қатарға шыққан, жедел, әрі сапалы ақпарат ошағына айналып отыр. Барлық тың жаңалықтарды интернетте алғашқылардың бірі болып BAQ.kz тілшілері жариялап отыратыны мәлім.

BNews.kz ақпарат агенттігі шығармашылық ұжым атынан BAQ.kz ақпарат агенттігіне толағай табыстар мен жемісті жетістіктер тілейді. Еліміздің басты құндылықтарын нысанаға ала отырып жұмыс істейтін азаматтардың еңбегі жана берсін!


comments powered by HyperComments