И.Тасмағамбетов, Б.Нұржекеев пен Д.Жолжақсыновқа мемлекеттік сыйлық берілді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 326.97
EUR 381.05
CNY 48.44
RUB 5.45


И.Тасмағамбетов, Б.Нұржекеев пен Д.Жолжақсыновқа мемлекеттік сыйлық берілді

1 желтоқсан 2016 ж 09:36 , Астана

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға – «Мәңгілік Ел» монументі үшін;

жазушы Бексұлтан Нұржекеевке – «Әй, дүние-ай» романы үшін;

авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға – «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін;

суретші Камиль Муллашевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін.

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 29 қараша

№ 379


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments