Минскіде «Қазақстанның киносы» апталығы өтеді
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Минскіде «Қазақстанның киносы» апталығы өтеді

2 желтоқсан 2016 ж 12:09
ФОТО: ғаламтор

Минсктегі «Победа» кинотеатрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақстанның киносы» апталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Мәдени іс-шараға Ұлттық жиналыстың депутаттары, Минскте аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, ТМД атқару комитеті және Белорусь Республикасының Президенттік кітапханасының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, Қазақстанның Достар Клубының мүшелері, студеттер, соның ішінде қазақстандық және қазақ диаспорасының белсенділері қатысты.

Іс-шараны салтанатты түрде ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов ашып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еңбегімен тікелей байланысты екенін айтты.

Белорусь Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Ирина Дрига жиналған көрермендерді айтулы мерекемен құттықтап, осындай іс-шаралар екі мемлекет арасындағы достық байланыстар мен мәдени ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізетінін жеткізді.

«Қазақстанның киносы» апталығының ашылу салтанатында «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі көрсетілді. Желтоқсанның 6-на дейін жалғасатын мәдени шара барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси қызметін баяндайтын «Елбасы жолы» киноэпопеясының барлық бес фильмі, сонымен қатар, режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері көрсетіледі.

Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұймдастырылған іс-шаралар басқа да мемлекеттерде өтті. 30 қарашада Татарстанның Халықтар достығы үйінде Қазан қаласының университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер мемлекеттік мерекеге байланысты дөңгелек үстел өткізді. Кеш соңында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен ҚР Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» киноэпопеясы көрсетілді.


comments powered by HyperComments