«Сүрінген-сүрбойдақ» сахнаға шықты
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 333.08
EUR 391.5
CNY 50
RUB 5.64


«Сүрінген-сүрбойдақ» сахнаға шықты

Аягөз АБЫЛҚЫЗЫ, 10 маусым 2016 ж 11:04

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында үш күн қатарынан «Сүрінген-сүрбойдақ» комедиясы сахналанады. Бұл театрдың 25-ші маусымының премьераларының бірі. Сахнада екі сүрбойдақ кездесіп қалды, одан арысын BNews.kz тілшісі хабарлайды.


Ерсіз әйелдің әрі кірмесе, әйелсіз ердің де берекесі болмайды. Алайда, «жер ортасына» келгенше қу тізесін құшақтап жүргендер әр қоғамда бар. Тіпті, некен-сайқ бүкіл өмірін жалғызбасты болып өткергендер де бар. Бірақ, бұл қойылымда режиссер екі сүрбойдақты сахнада кездестіреді. Жалғызбастылықпен күн кешіп жүрген темір мінез Темикконың, абайсызда жасаған бір әрекетінен бүкіл өмірінің өзгеріп кетерін кім білген?! Жұмбақ әйел Дзерассамен арада махаббат пайда болып, сол ғажайып сезімді театр ұжымы көрермен таразысына салуды жөн көріпті.

«Қарапайым ауыл адамдарының өмірінен алынған, өмірден адасып, орта жасқа келгенше жалғыз жүрген екі адам жайында. Олардың күнделікті күйбең тірлігін таза да, сүйкімді қылықтар арқылы комедия ретінде жеткізу, күлдіре отырып ой тастау  басты мақсатымыз. Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендік, әрине қиындықтарда болды (күлді). Бірақ  ойлаған мақсатымызға жеттік деп есептеймін», - дейді режиссёр Әлімбек Оразбеков.

Негізі бұл пьесаның авторы осетиялық драматург Асахмат Айларов. Қазақ тіліне Эльмира Мақашева тәржімалаған екен. Оған белгілі режиссёр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков қазақы шапан жауып, патша көңілді көрерменнің назарына ұсынып отыр.

«Соңғы уақытта театрда драма көп болып кеткеннен кейін, өзгеріс болсын деп іздендік. Интернеттен осы пьесаны тауып алдым. Өзіме осы шығарма қатты ұнады. Неге десеңіз, комедияның өзінің екі түрі бар, бірі - дарақы комедия, ол қимылмен, қыдықтап күлдіру. Ал екіншісі, айтар ойы мағынасы бар туынды. Бұл қойылым екіншісіне жатады», - дейді Ә.Оразбеков.

Спектакльде бүгінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген театр артистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Мейрам Қайсанов, Ерлан Малаев, Гүлбаршын Қылышбай, Боранбай Молдабаев, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, сондай-ақ, актер Асылбек Қапаев, Жасұлан Ерболат және Олжас Жақыпбектер өнер көрсетеді.   


Қатысты жаңалықтар: