Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды

Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды

17 ақпан, 17:11 383 Астана

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отрысытың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Осыған орай, келесі аптада депутаттар 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресеймен Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы үкіметаралық шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқыламақ.

Сонымен бірге, осы күні Палата бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олардың арасында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне түзетулер енгізу туралы заң жобасымен қатар, Азия Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе-Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) және 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Ал, электр энергетикасы мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы бойынша жұмыс өз жалғасын таппақ.

Loading...