Мемлекеттiк меншiктегі ұйымдардың саны қысқарады – Қаржы министрi

Мемлекеттiк меншiктегі ұйымдардың саны қысқарады – Қаржы министрi

12 желтоқсан, 13:27 539 Астана

Алдағы уақытта мемлекеттiк меншiктегі ұйымдарының саны қысқарады. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов түгендеу мәселелеріне қатысты баяндамасында айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік меншікте 7 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді, олар – мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Түгендеу нәтижелері бойынша мемлекеттік меншікті оңтайландыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Алдымен мемлекеттік меншік ұйымдарының саны 1 мыңнан аса ұйымға немесе 16 % қысқарады. Екінші кезеңде – тағы 4 600-ге жуық ұйымға немесе бастапқы санынан 65% азайту ұсынылады. Бәсекелестік ортаға беруден басқа оңтайландырудың құралы ретінде ұйымдар қайта құрылады және жабылады», - дедi Б.Сұлтанов.

Министрдiң айтуынша, бірінші кезеңде ұйымдар саны 1 136 кәсіпорынға қысқарады. Бірінші кезеңнен кейін мемлекеттік меншікте 6 мыңнан кем кәсіпорындар қалады. Қалған ұйымдардың негізгі бөлігін балабақшалар, колледждер, ауруханалар құрайды. Олар бәсекелестік ортаға екінші кезеңде ұсынылады. Қазір әкімдіктермен «пилоттық жоба» ретінде 94 ұйымды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру келісілді.

«Сату бойынша. Жеке меншікке 66 млрд.теңге, оның ішінде бюджеттен мемлекеттік тапсырыс есебінен 28 млрд. теңге жылдық айналымы бар қосымша 105 ұйым өтеді. Аталған объектілер бизнеске тартымды болады, себебі олардың қызмет түрі нарықта бар. Бұл ауылшаруашылық өнімі, баспа, туризм, спорт, тұрғын-үй коммуналдық, сәулет саласындағы қызмет. Кестеге енгізілген 408 ұйымды есепке ала отырып, бизнес 336 млрд. теңге, оның ішінде бюджет есебінен 119 млрд. теңге жылдық табысы бар 513 ұйымды алады. Бірінші кезеңнен кейін мемлекеттік меншікті қалатын 5 991 ұйымның басым көпшілігін әлеуметтік сала ұйымдары құрайды. Олардың жартысына жуығы (41%) балабақшалар. Бесінші бөлігін жоғарғы оқу орындары, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары қамтиды. 15% - театрлар, мұражайлар, мәдениет үйлері құрайды. 13% - емханалар мен ауруханалар болып табылады. Қалған ұйымдар – монополиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, ветеринарлық ұйымдар және сол сияқтылар», - дедi Қаржы министрi.

Министрдiң айтуынша, Білім туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін 2018 жылы колледждер үлкен кәсіпорындарға және университеттерге сенімгерлік басқаруға ұсынылатын болады. 2017-2020 жылдары сенімгерлік басқаруға 124 емхананы беру жоспарлануда. Екінші кезеңді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлік, білім, денсаулық сақтау және басқа құқықтық актілерге түзетулер енгізуді қажет етеді. Сондықтан, екінші кезең бойынша қысқарту 2017-2019 жылдар кезеңін қамтиды. Бұл шаралар бюджеттік шығыстарды және мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттырады.

.

тақырыпты жалғастыруға «қаржы министрі»