Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға толыққанды көмек көрсетіледі

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға толыққанды көмек көрсетіледі

12 желтоқсан, 14:28 444 Атырау облысы

Атырауда жағдайы төмен және мүгедек балалары бар отбасыларға толыққанды  қамқорлық жасалмақ. Қалалық прокуратураның ұсынысымен құрылған арнайы комиссия мүшелері әр жанұяға аяқтай барып, қандай көмек қажет екендігін анықтап жатыр. Мұқтаж жандарға медициналық, материалдық көмекпен қатар арнайы мамандар қажетті  құжаттарын рәсімдеуге де атсалысады.  Бюджет қаржысы және жеке демеушілердің көмегімен жүзеге асырылатын бұл жоба еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz Атыраудағы тілшісі.

Тұрмыстық жағдайы төмен және мүгедек балалары бар жанұялар мемлекеттің көмегінен шеттеу қалған емес. Әлеуметтік қызмет саласы мен қатар жеке демеушілер де ұдайы көмек көрсетіп отырады.

«Қазіргі уақытта бізде 100 бала қала бойынша бар сосын ауылдық округтер бар сыртжақтағы екеуін қосып айтқанда қазір бізде 210 балаға өзіміз үйден көмек көрсетіп отырмыз. Олардың 210 баланың әрқайсысының өзінің әлеуметтік қызметкерлері бар»,- дейді қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің өкілі Бибігүл Қарабалина.

 

Фото: автор

Бірақ атаулы әлеуметтік көмектің кейде шын мұқтаж жандарға жетпей жататыны рас.   Сондықтан прокурорлар жан-жақты, барлық мәселелер қамтылған кешенді көмек түрін қолға алды. Енді құрамында құзырлы орган өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлері бар арнайы комиссия мүшелері әр отбасыға аяқтай барып, нақтылы көмек көрсетпек ниетте.  Үш баланың анасы Әлия Қосқалиева жалғызбасты және ортаншы ұлының мүгедектігі бар. Осы балаға дәрі-дәрмек алуға, арнайы мектепке орналастыруға көмек болса дейді.

Фото: автор

«Айлық жәрдемақымыз 56 мың теңге. Пособие мен пенсия. Сол, шамамыз жеткенше осылай тірлік кешіп жатырмыз. Ешкімнен ештеңе сұрап жатқанымыз жоқ бірақ осылай кісілер келіп көмек көрсетіп жатқаны бізге үлкен демеу болды. Келген кісілер бізге не керек, қандай көмек керек деп жатыр. Рахмет көп-көп»,- дейді Әлия Қосқалиева.  

Жаңа бастаманың ерекшелігі де осында. Мамандар тек қағазға жазылған өтінішке немесе арызға қарап шешім шығармайды. Үйіне барып жүздесіп, жағдайды өз-көздерімен көріп барып қажетті көмек түрін ұсынады.   

«Жағдайы төмен, мүгедек балалардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі, оларға материалдық көмек жағдайын қарастыру комиссия арқылы үйлерді аралап оларға қандай көмек керек екендігін нақты белгілейді. Одан соң акт жасақтап, соған сәйкесінше кәсіпкерлерді тарту арқылы немесе жергілікті бюджеттен қаражат қарастырырылып  оларға міндетт ітүрде көмек көрсетілетін болады»- дейді Қалалық прокуратураның өкілі Мирас Жалмұрзин. 

Жалпы Атырау қаласы бойынша 1200 мүгедек бала тіркеуде тұр. Қазір арнайы комиссия мүшелерінің қолында жағдайы төмен 166 отбасының арызы бар. Мамандар тобы жыл аяғына осы жандардың барлығының үйлеріне барып, нақты қажет көмек түрлерін анықтайтын болады. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Атырау облысы»