«Астана ЭКСПО-2017» ҰК дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 316.56
EUR 342.14
CNY 45.99
RUB 5.52


«Астана ЭКСПО-2017» ҰК дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді

24 қараша 2016 ж 19:25 , Астана
ФОТО: expo2017astana.com

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-сы Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.


Жиында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысындағы аккредитация мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Уұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов негізгі атқарылған жұмыс қарқыны туралы баяндады. Сондай-ақ, ол іс-шараға дайындықтың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын, әрі барлық сала бойынша жұмыстың күшейтілгендігін айтты. 

«Көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. 31 қазаннан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімін бастап кеттік. Көрмеге келушілердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылады. Оны өз деңгейінде орындау үшін халықаралық тәжірибе, атап айтар болсақ, Шанхай, Йосу, Миландағы экспо көрмелерінің, сондай-ақ, Сочи мен Бакудағы спорттық жарыстарды өткізу тәжірибелері толық ескерілді», деді басқарма төрағасының орынбасары.

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап «Аккредитация» жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, «Call centre» жұмыс жасайды. Барлық нысандар бейнебақылау, өрт сөндіру мен күзет дабылымен жабдықталған. Көрме қонақтарының ыңғайы үшін логистика жүйесі жасалды. Өрт сөндіру мен медициналық қызмет көрсету тәулік бойы жұмыс жасайды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Египет Елшісі  Хайзам Салах Ибрагим (Haitham Jakah Kamel) ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа оң бағасын берді.

«Біз көрмеге қатысатындығымызды ресми растағаннан кейін ұлттық компаниямен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар жасадқы. Бұл ретте, көрменің жоғарғы деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елдің бірқатар компаниялары қатысатындығын растады», деді елші.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments