Халықаралық көрмелер бюросы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Халықаралық көрмелер бюросы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады

25 қараша 2016 ж 16:24 , Франция, Париж
ФОТО: expo2017astana.com

Париж қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов басқарған делегация Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясына қатысты, деп хабарлайды  BNews.kz.


Ұлттық компания басшысы көрмеге дайындық барысымен таныстырып, алдағы кезеңдегі компания жоспары туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. 103 секция комиссарлары тағайындалды, 89 қатысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өткізуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Дамушы мемлекеттерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Ұлы жібек жолындағы мемлекеттер, Египет, халықаралық ұйымдар, Кариб қауымдастығы, Африка, Тынық мұхиты мемлекеттеріне техникалық сессиялар өткізілді. Павильондар дизайны, қатысу тұжырымдамасы және тағы да басқа ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Көрме қатысушылары мен қонақтары мемлекеттік органдар қызметін жылдам әрі ыңғайлы формада ала алуы үшін бірегей қызмет көрсету орталығы ашылды. Бір аптадан кейін, 2016 жылдың 1 желтоқсанында бірегей қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайды.           

Басқарма төрағасының айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылып жатыр – 90 пайызы аяқталды.

«Алғашқы 5 мемлекет өз павильондарын алды. Осы сәтті пайдалана отырып, қатысушыларды инсталляциялық жұмыстарды тездетіп бастауға шақырамын. Павильондар Сіздердің толық құзыреттеріңізде. Сондай-ақ, ЭКСПО қалашығының құрылысы аяқталды. Біз қонақтарды қабылдауға дайынбыз. Қазіргі уақытта 360 пәтер бекітіліп, басқа мемлекеттерден тапсырыс күтудеміз», – деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы көрме контентіне тоқталды, «Қазақстан» павильоны мен үздік тәжірибелер аймағы туралы айтты. Айта кетейік, халықаралық байқау жарияланып, 25 мемлекеттен 133 өтінім келіп түсті. Халықаралық іріктеу комиссиясы оның 24 үздік жобаны таңдап алды.

«Бұл павильон кәсіби қатысушылардан басқа көрме келушілерінің әрбірі үшін қызықты болатындығына күмән жоқ», – деді ұлттық компания басшысы.

Халықаралық Көрмелер Бюросының мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындықты жоғары бағалады.  

«Мейлінше әдемі, қызықты павильондары бар жақсы көрме ұйымдастырып, Қазақстан мен оның азаматтарын ілгерулету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Астанаға әлемнің түкір-түкпірінен жиналған қонақтар үш жаңалық ашады: Қазақстан – шын мәнінде, тамаша мемлекет, Астана – жайлау ортасындағы ғажайып және көрменің сәтті өтетіндігіне сенім білдіреміні», – деді Халақыралық Көрмелер Бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссерталес.     

Сондай-ақ, ХКБ Ассамблеясында аталғандай, 2017 жылдың 1 қаңтарында Экономикалық серіктестік және даму ұйымы мемлекеттері, Малайзия, Монако, ОАЭ, Сингапур, Литва, Мальта, Болгария, Румыния, Кипр мемлекеттері үшін визасыз режим іске қосылатын болады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма бөрағасы Ахметжан Есімов айтты.


comments powered by HyperComments