Н.Ермекбаев Маңғыстау облысында мешіт имамдарымен кездесті

Н.Ермекбаев Маңғыстау облысында мешіт имамдарымен кездесті

13 желтоқсан, 14:56 257 Маңғыстау облысы
Н.Ермекбаев Маңғыстау облысында мешіт имамдарымен кездесті

Бүгін Ақтау қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаев Маңғыстау облысындағы мешіт имамдары және теологтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

Іс-шараға сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шөжеқұлов Әнуар Аманқұлұлы, облыстық Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу жөніндегі орталықтың, «Асар» ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері қатысты.

Кездесуде Министр Н.Б.Ермекбаев дін саласында құрылған Министрліктің негізгі атқаратын қызметі туралы ақпараттарды және деструктивтік діни ағымдарға қатысты мемлекеттің ұстанымын жеткізді.

Сондай-ақ, Министр облыстық әкімдікке, өңірдегі ҚМДБ мешіт имамдары мен теологтарға тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі бірқатар ұсыныстарын айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттің қалыптасуында зайырлы қағидаттарды қамтамасыз ету мен нығайту, деструктивтік діни ағымдардың іс-әрекеттерінің теріс сипатын әшкерелеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында теологтар мен мешіт имамдары Министрдің ұсыныстарын қолдады және деструктивтік діни ағымдардың идеяларынан тұрғындарды қорғау, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандыруға дайын екендіктері туралы мәлімдеді.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлан Ермекбаев»