«25 жұлдызды күн» акциясы аясында көкшетаулық 90 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


«25 жұлдызды күн» акциясы аясында көкшетаулық 90 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Ақмарал АЙҒАРА, 30 қараша 2016 ж 09:33 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Көкшетауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 45 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Үй иелерін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының өз шаңырағы болуы керек. Елімізде кейінгі жылдары жүзеге асырылып жатқан «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тек біздің өңірде ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде көптеген отандастарымыз жаңа пәтерге ие болып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы күндері де жалғасын табатын болады», – деді өңір басшысы.

Жалпы, облыс бойынша жиырма жыл ішінде аумағы 58309 шаршы метрді құрайтын 20 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 755 отбасы пәтерлі болды. Бұл жолы пайдалануға берілген тұрғын үйлер облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып отыр. Көпқабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болып отырғандардың дені – жас және көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері және үй кезегінде тұрғандар.

«Сегіз жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Жаңа пәтерімізді бала-шағамызбен бірге аралап көрдік. Құрылыс жұмыстарының сапасы көңілімізден шықты. Қонысымыз отбасымызға қуаныш әкеліп, ұрпақтарым бақытқа бөлене берсін. Облыс, қала басшылығына қамқорлықтары үшін айтар алғысымыз шексіз», – дейді жаңа баспанаға қол жеткізген қала тұрғыны Рима Баймағамбетова.


comments powered by HyperComments