Ақмоланың үш елді мекенінде жаңа нысандар ашылды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Ақмоланың үш елді мекенінде жаңа нысандар ашылды

Ақмарал АЙҒАРА, 2 желтоқсан 2016 ж 14:37 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қорғалжын ауданындағы Сабынды, Қараегін және Жантеке ауылдарында  жаңа нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Өңір басшысы С.Кулагиннің Қорғалжын ауданына барған жұмыс сапары барысында Сабынды ауылында қуаттылығы жылына 17 тонна болатын қияр мен қызанақ өндіретін жылыжай кешені пайдалануға берілді. Жоба Астана қаласының аумағында азық-түлік белдігін қалыптастыруды дамыту аясында  ашылып отыр.

Бүгінгі күні серіктестіктің 5 гектар жер аумағы бар және 2 жылыжай жұмыс істеп тұр. Кешен жарық және су желісіне қосылған. Айта кетейік мұнда тағы 4 жылыжайдың іргетасы қаланған. Қараша айының басында жылыжайлардың бірінен 30 келідей алғашқы қызанақ өнімі жиналса, екіншісіне 4200 түп көкөніс егіліп, одан 450 келі қияр жиналып үлгерген. Бар өнім Астана қаласының «Евразия» СҮ сатылуда. Бүгінде үшінші жылыжайдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба 2016-2020 жылдары толықтай жүзеге асырылуы тиіс.

Жылыжайдың ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы бұл Сабынды ауылындағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін алғашқы жоба емес екендігін атап өтті.

«Сіздердің ауылдарыңыз астанадан небәрі 70 шықырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан да Сабынды ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің орталығына айналуда. Бұл жерде елорда нарығы мен экспортқа жөнелтуге арналған ет комбинаты жұмыс істейді. Бүгін біз көкөніс өнідіретін жаңа жылыжай кешенін пайдалануға бердік», – деді облыс әкімі.

Жантеке ауылында аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 80 орындық жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне қатысты. Оның жобалық құны – 107 миллион теңге. Нәтижесінде, ауылдың мектепке дейінгі жастағы балалары түгел балабақшаға барады. Облыс әкімі  ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесімен құттықтап, елдімекендерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласын дамыту Елбасымыздың алдымызға қойып отырған басты тапсырмаларының бірі екендігін айтты.

Сондай-ақ, аталмыш ауылда өңір басшысы 2 мың бас малға арналған бордақылайтын орталыққа да атбасын тіреді. 2014 жылы «ЕLNUR  Group» ЖШС «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1000 бас«Ангус» және «Герефорд» асыл тұқымды ірі мүйізді малдарын сатып алған болатын. 2015 жылы қожалық 2000 мал басына арналған 3 мал өсіру кешендерін тұрғызған, келесі жылы шаруашылық мал басын 2 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

«Елімізде агроөнеркәсіп кешенінің сәтті дамуы мал шаруашылығы саласының дамуымен тығыз байланысты. Осы ретте, мұндай кәсіпорындардың аймақ үшін маңызы ерекше», – деді облыс басшысы.

Осы күні Қараегін ауылында қуаттылығы тәулігіне 1000 бөлкені құрайтын нан және нан өнімдерін шығаратын наубайхана да іске қосылды. Бұл кәсіпорынның шығарған өнімі Қараегін, Сабынды, Оразақ және өзге де жақын ауылдарда сатылатын болады. 


comments powered by HyperComments