Көкшетауда «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Көкшетауда «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

Ақмарал АЙҒАРА, 28 қараша 2016 ж 15:11 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Шараға бокстан спорт шебері Зарина Цолоева, Қазақстан халқы ассамблеясы Ақмола филиалының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер қатысты.

Салтанатты кездесуде Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің 1-курс студенті Егор Тихонов сөз сөйлеп, Ақмола облысы жастарының атынан Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үндеуді оқып берді.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы салтанатты түрде Астана жастарына тапсырылды. Кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші рөлін және өңірлердегі жастардың ел Президенті – Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

«Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оның шешуші факторы – бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттің бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді. Кітап елдің әр өңірінде болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордамыз Астана қаласында салтанатты түрде Мемлекет басшысына тапсырылатын болады», – деді эстафетаны қабылдаған Астана қаласындағы «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев.

Мерекелік шара «Көкшетау» мәдениет сарайының жас талантарының концертік бағдарламасына ұласты.


comments powered by HyperComments