Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр

25 қараша 2016 ж 10:47 , Ақтөбе облысы
ФОТО: ғаламтор

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Жастар сарайы» ғимаратында Халықаралық байқаулардың лауреаты — ағайынды Жүгінісовтер тұңғыш рет «Шын жүректен» атты қайырымдылық ән кешін өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.


Кештің негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Ағайынды Жүгінісовтер кештен түскен қаражатты Ақтөбе қаласының тұрғыны Бирзул Валерия есімді бүлдіршіннің еміне ұсынды. Осындай игі істерді енді облыстың Алға және Қандыағаш қалаларында ұйымдастыру жоспарланған.

«Бүгінгі концертіміздің мақсаты – көмекке зәру жандарға қол созу. Біз әрдайым осындай шараларды ұйымдастыруға дайынбыз. Шараның өтуіне септігін тигізген ақтөбеліктерге шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді. Сондай-ақ, Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын», – деді, Ағайынды Жүгінісовтер әнші балаларының директоры Елжас Мұқанали.

Шара соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ағайынды Жүгінісовтерге өз алғысын айтты.


comments powered by HyperComments