Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы – Мәжіліс төрағасы
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы – Мәжіліс төрағасы

28 қараша 2016 ж 18:02 , Астана
ФОТО: Бауыржан Жуасбаев

Нұрлан Нығматулин біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөліне тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Біз 25 жылдың ішінде барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Бұл шынында тарихи жеңіс. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің жеңісі. Сондықтан, 25 жылдық биік белестер – еліміз үшін, халқымыз үшін жарқын болашаққа жол ашып отыр», – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасының басшылығымен жеткен бұл мерейтой ел тарихында ерекше кезең. Қазіргі уақытта әлем алдында Қазақстанның өз беделі, абыройы, биік мәртебесі бар. Н. Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта халық өзінің шынайы таңдауын жасады. Нұрсұлтан Назарбаевты ел Президенті ретінде таңдай отырып, тағдырлы шешім қабылдады. Сол уақыттан бастап, Елбасы мемлекетіміздің қарқынды дамуының, Қазақстанның гүлденуінің кепіліне айналды. Маңызды халықаралық жиынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен ҚР Сыртқы Істер министрлігі. Форум жұмысына Беларусь, Бельгия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, РГФ және Швеция елдерінің парламенттік өкілдері мен сарапшылары қатысуда. Шара үш сессияны қамтиды. Олар: «Қазақстандағы негізгі саяси және экономикалық реформалардың қорытындылары», «Қазақстан әлемдік саясатта», «Қазақстан: Келещек көкжиегі».


comments powered by HyperComments