«Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызы Атырауда
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


«Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызы Атырауда

ФОТО: astana.assembly.kz

Осы айдың басында сапарға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызы Атырау облысына да жетті. Бұған дейін 7 облысты аралаған топтың құрамында 270-тей маман бар. Олардың басым бөлігі медицина саласының қызметкерлері, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Дәрігерлер бүгінге дейін 7 мыңдай науқасқа ем жүргізген. Ал ауруы асқынған науқастарға Астана мен Алматы қалаларындағы орталық медициналық мекемелерге жолдама берілді. Сонымен қатар, топ құрамындағы өзге де мамандар әлеуметтік мәселелер жөнінде көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, ақыл-кеңестерін берді.

«Шағын бизнес бастағым келеді. Қазақтың ою-өрнегін және тоқыма өнерін дамытқым келеді. Сол бағытта кәсіп ашқым келеді. Алдағы ең басты мақсатым – осы. Бүгін осындағы мамандардан қандай құжаттар дайындау қажеттігі жайында көптеген ақыл-кеңестер алдым», – дейді болашақ кәсіпкер Вероника Ли.

Әлеуметтік пойыз мүшелері сапар барысында 35 мың адаммен кездесіп, 4 мыңнан астам азаматқа жеке қабылдау өткізген.

«Халық қазір жеке басының қамын ғана емес, жалпы керекті заңдарды да айтып отыр. Мысалы, «Саяжайлар туралы» заң не болмаса, жер телімдерін алу жөнінде көптеген мәселе бар. Осындай мәселелер кеңінен шешіліп жатыр. Жалпы, осы сапарымыз барысында елдің, халықтың көңіл күйі жақсы екендігіне көз жеткіздік», – дейді «Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік пойыз Атыраулық тұрғындарды толғандырған сауалдарға толық жауап беріп, сырқат жандарға медициналық көмек көрсетті. Ал бүгін топ мүшелері келесі облыс – Маңғыстау өңіріне аттанып кетті.


comments powered by HyperComments