Қарағандыда «Тудырған асыл өлең, қайран Қасым» атты әдеби-сазды кеш өтті
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Қарағандыда «Тудырған асыл өлең, қайран Қасым» атты әдеби-сазды кеш өтті

23 қараша 2016 ж 19:18 , Қарағанды облысы
ФОТО: Қала әкімдігінің ресми сайты

Қарағандыда «25 жұлдызды күн» мерелік бағдарламасы бастау алып, соның аясында Қасым Аманжоловтың 105 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тудырған асыл өлең, қайран Қасым» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Қарағандыдағы «Жастар» мәдениет үйінде Қасым Аманжоловтың 105 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тудырған асыл өлең, қайран Қасым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шарада қазақтың көрнекті жазушысының және ақынының әдеби туындылары, ақын туралы «Орталық Қазақстан» редакциясының журналистері Жәнібек Әлиман және Мирас Асан, ақын Жадыра Байбуланова, Аян Мейраш, Қарағанды қаласының №25 және № 30 орта мектеп оқушылары өлең оқыды. №52859 әскери бөлімінің Сержанты Батыр Омаров «Дариға, сол қыз» әнін, «Асыл жеңгелер» триосы Қасым Аманжолов аудармасын жасаған «Ах, Самара, городок» әнін шырқады. Сонымен қатар, Мәдениет үйінің вокалдық және хореографиялық ұжымы орындаған композициялар кештің көрігін қыздыра түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-қ, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ардагерлер қозғалысының және жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге баулып, дамуына қосқан үлесі үшін» қала әкімінің Құрмет грамотасымен Ауған соғысының ардагерлері марапатталды.

«Тудырған асыл өлең, қайран Қасым» мерекелік ісшараның барлық қатысушыларына диплом және естелік сыйлықтар табысталды.


comments powered by HyperComments