78 павлодарлық отбасы баспаналы болды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


78 павлодарлық отбасы баспаналы болды

ФОТО: автор

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 78 павлодарлық отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Айта кетейік, «Сарыарқа» шағын ауданында пәтерлі болғандардың дені – бұрынғы «Алюминстрой» ауданындағы апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары. Олардың басым бөлігі қирауға шақ қалған екі қабатты баспаналарды 40 жылға жуық тұрған.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше,  бұл – сүрілген үйлердің орнында бой көтерген төртінші көпқабатты нысан. Тұрғын үйде 52 екі, 24 үш және 3 төрт бөлмелі пәтер бар. Оның құрылысына мемлекет бюджетінен 756 млн теңге жұмсалған. «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы үш үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.   Жалпы, биылғы жылы облыс орталығында 6 жаңа тұрғын ел игілігіне берілген.

Қоныс тойын тойлағандардың қатарында Сансызбай Шәріповтың жанұясы бар. Ішкі істер органдарында көп жылдар бойы қызмет еткен Сансызбай аға 41 жыл апатты үйде тұрыпты.

«Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш бөлмелі пәтерге ие болдық. қуанышымызда шек жоқ! Бізге қамқор болған мемлекетімізга алғыс білдіреміз», – дейді Сансызбай Шәріпов.

Биылғы жыл басынан бері Павлодарда тұрғын үйдің 75 мың шаршы метрі пайдалануға берілген. Келесі жылы тағы 10 көпқабатты нысан салынады. Жалпы, Ертіс өңірінде тұрғын үй құрылысын дамыту бағытындағы жұмыстар Павлодар қаласының бас жоспары негізінде жүргізілуде. Аталмыш құжат негізінде 2032 жылға дейін «Достық» және «Сарыарқа» шағын аудандарының құрылысы қарастырылған. Жобалар сәтімен жүзеге асырылса, аймақта 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа берілмек.


comments powered by HyperComments