Павлодарда «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл: тарихи өлшем» конференциясы өтті
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Павлодарда «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл: тарихи өлшем» конференциясы өтті

ФОТО: автор

Павлодар қаласындағы «Достық» үйінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: тарихи өлшем» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік филиалының мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттер, ғылыми-зерттеу мекемелерінің мамандары мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Жиналған қауым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихы туралы сыр шертті.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов ойымен бөлісті.

«Тамырын тереңге жайған Қазақ елі үшін «Мәңгілік ел» идеясы заңдылық, себебі, мұның аясында қазақ халқының мыңдаған жылғы дүбірлі тарихынан, тәуелсіздік жылдары жүріп өткен даңғыл жолынан, бүгінгі нақты атқарылған істер арқылы қол жеткізілген жетістіктерінен туындаған ұлттық идея жатыр. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, кез-келген ел өз дамуының белгілі бір жетістікті кезеңіне жеткен кезде ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді. Бүгінгі күні елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, мемлекетті дамытуға бағытталған тұжырымды қадамдар жасампаз әрекеттерге жетелеп отыр. Сондықтан, ұлттық идея ел дамуындағы сара жолының жаңа белесіне көтерілу барысындағы қоғамдық қатынастар мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа да тетіктерін біріктіру міндеті туындаған тұста пайда болды пайымдауға болады», – дейді ғалым.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияның қабылдануын бірауыздан қолдады. Жаңа еліміздің бүгіні мен келешегі үшін берік іргетас қалаған Елбасының ақылгөй саясаты сараланды. Биік мінберден ғалымдар мен облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүкіл әлемде белгілі және құрметті елде, достықта өмір сүретін мемлекет туралы ата-бабаларымыздың көпғасырлық арманы шындыққа айналғанын айтты.

Іс-шара барысында пленарлық отырыс жұмысы терең әрі қызу талқылаулар өткен «Тәуелсіздік және Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы теңдесі жоқ бірегей қоғамдық институт», «Жастар және ұлттық тәуелсіздік құндылықтары» тақырыптарындағы секцияларының жұмыстарына ұласты.

Сондай-ақ, «Достық үйінде» ҚР Тұңғыш Президентінің еңбектері, Павлодар облысындағы жұмыс сапарларынан сыр шертетін құжаттар мен тарихи фотосуреттер қойылған көрменің тұсаукесері өтті.


comments powered by HyperComments