Ерiк Сұлтанов ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Ерiк Сұлтанов ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады

28 қараша 2016 ж 10:24 , Солтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: СҚО әкімдігінің ресми сайты

«Ұлы Дала Елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» ауқымды республикалық акциясының «Азаматтық қоғам» деп аталатын 6-жұлдызды күні аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен кездестi, деп хабарлайды BNews.kz.


Өңiр басшысы бүгiнгi қоғамда ақпарат құралдарының маңыздылыңын айтты.

«Ciздермен Тәуелсiздiгiміздiң 25 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi қарсаңында кездесiп отырмыз. Бұл мерекелердiң маңыздылығы жайында сiздердiң материалдарыңызда кеңiнен көрiнiс тауып жатыр. Журналистер қауымы елiмiздiң қол жеткiзген жетiстiктерiн, Елбасы саясатын халыққа жеткiзуде табысты еңбек етiп келедi. Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi жедел, нақты ақпарат беру үшiн аянбай қызмет етеді. Бұл еңбектерiңiз үшiн алғысымызды бiлдiремiз», – дедi Ерiк Сұлтанов.

«Петропавловск kz» газетiнiң бас редакторы Екатерина Назаренко өз баяндамасында соңғы кездерi жергiлiктi атқарушы органдар бұқаралық ақпарат құралдарына ашық қарым-қатынас орнағанын йтты.

«Осындай кездесулер дәстүрге айналғаны қуаныш ұялатады, сонымен қатар, билiктiң соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдарына ашықтығы да қуантады. Бiздiң жұмысымыз өңiрдi бүкiл елге ғана емес, шекарадан тыс өңiрлерге таныту мақсатында да еңбек етіп отыр. Телеараналар, газеттер мен интернет сайттар – тұрғындар мен жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы байланыс көпiрi. Мен бұл көпiрдiң соңғы кездерi нығайып келе жатқанын сезiнемiн», – дедi Екатерина Назаренко.

Өңiр басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында бұқаралық ақпарат саласындағы ұзақ жылғы адал еңбегi, жоғары кәсiбилiгi, белсендi қызметi үшiн М.Жұмабаев ауданының «Вести» газетiнiң бас редакторы Ольга Владюк, «Айыртауские зори» газетiнiң тiлшiсi Наталья Еременкоға Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС, «Северный Казахстан» баспасы», сондай-ақ «Қазақстан-Петропавл», «МТРА», «Первый северный» ұжымдары алғыс хаттармен марапатталды.

Әрi қарай Ерiк Сұлтанов облыстың әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерi туралы үздiк жарияланым үшiн байқау жеңiмпаздарын марапаттады.

Жалпы баспасөз, телеарна және ғаламтор ресурстарында түрлi номинациялар бойынша 26 жұмыс үздiк болып анықталды.


comments powered by HyperComments