Е.Сұлтанов: Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізгі факторы және халықты біріктіруші басты күш
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Е.Сұлтанов: Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізгі факторы және халықты біріктіруші басты күш

24 қараша 2016 ж 17:06 , Солтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: СҚО әкімдігінің ресми сайты

25 жұлдызды күн аясында Петропавл қаласында «Қазақстандықтар болашағы біртұтас ел» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов үш немесе одан да көп тілді меңгерген өңір жастарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.


Өңір басшысы кез келген халықтың дәстүрі, мәдениеті, тілі сол елдің бай тарихының айнасы екенін атап өтті.

«Мемлекеттік тілді дамытудың негізгі көрсеткіштері әлеуметтік және қоғамдық қызметінің артуында жатыр. Халық пен мемлекеттің түбегейлі өзгеруі тіл дамуына да әсер етеді. Әрбір тіл – тұтас бір әлем. Қазақстанда мемлекеттік тіл ұлттық халықты біріктіруші бірлік пен күштің негізгі факторы екені анық», – деді Ерік Сұлтанов.

Дөңгелек үстел барысында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов сөз сөйледі.

«Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген болатын. Бұл сөздердің тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы зор. Біздің тәуелсіздігіміздің басты жетістігі – мемлекеттік тіл дәрежесінің Конституциямен бекітілуі. Бүгінде қазақ тілі Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басын қосу маңызын жастар етене түсінеді», – деді Кемел Оспанов.

Әрі қарай дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, көп тілді меңгергендерін көрсетті. Олар үштілділіктің қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті.

«Біздің ел көпұлтты және бұл біздің басты артықшылығымыз. Өйткені, біз барлығымыз – біртұтас ұлтпыз. Бізді Отанымыз, бір-бірімізге деген сыйластық, түсіністік біріктіреді. Елбасы өз Жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсыну арқылы қазақ елінің мыңжылдық тарихын, Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолын жалғап, жетістіктерін еселеуді тапсырды. Біздің ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік ел» идеясын, ел тәуелсіздігін нығайту», – деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Марал Құрманова.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, насихаттауға қосқан үлесі үшін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен» 6 солтүстікқазақстандық және С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы марапатталды.


comments powered by HyperComments