СҚО-да партия өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясына қолдау көрсетті
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


СҚО-да партия өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясына қолдау көрсетті

25 қараша 2016 ж 11:56 , Солтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Петропавл қаласында облыстық партия ұйымының төрағасы, өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конференциясы өттi, деп хабарлайды BNews.kz.


Күн тәртiбiндегi маңызды мәселе партияның саяси кеңесiнiң 2015-2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы болды.

Ең алдымен, Ерiк Сұлтанов өз баяндамасында Парламент депутаттары қабылдаған ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған Декларацияға қолдау бiлдiрдi.

Өңiр басшысы Қазақстан Президентi ең қиын кезеңде қабылдаған маңызды шешiмi елiмiздiң жаңа даму мен гүлдену кезеңiне есiк ашты атап өттi.

«Саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңын қабылдау, жоғары халықаралық беделге жету – Елбасының жоғары саяси ерiк-жiгерiнiң көрiнiсi екенi декларация мазмұнында нақтыланған. Бастысы, декларацияда Елбасы басшылығымен құрылған тиiмдi демократиялық институттар – президенттiк институт, Парламент, сот жүйесi мен белсендi азаматтық қоғамның жоғары саяси қоғамдық мәнi айғақталған. Мұның барлығы, экономика салаларының дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етедi», – деді Ерiк Сұлтанов.

Сонымен қатар, облыс әкiмi бұл жетiстiктердiң негiзi Елбасының бастамасымен салынған Астана қаласы екенiн жеткiздi.

«Астана барша халықтың мақтанышы. Бiздiң астанамызды құруда , сөзсiз Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор. Бүгiнде Астана жаңа технологияларды, әлемдiк дипломатияны бiрiктiрген, маңызды халықаралық кездесулердi өткiзетiн орталыққа айналды. Келесi жылы бiздiң елордада «ЭКСПО-2017» әлемдiк көрмесiн өткiзу мiндетi тұр. Бұл Астананы әлемнiң биiк деңгейдегi iс-шараларды өткiзу мүмкiндiгi бар, жоғары дамыған орталық ретiнде мойындауының көрiнiсi», – деді аймақ әкімі.

Бүгiнде Солтүстiк Қазақстан облыстық партия ұйымындағы 46 мың адам 389 алғашқы партиялық ұйымға бiрiктiрiлген. Партияның өңiрлiк филиалының төрағасының айтуынша, олардың көбiсi партияның сайлау алды жұмыстарында және партиялық жобаларында белсендi қатысады.

«Өңiрде экономика, әлеуметтiк, көлiк саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осы жылы 170 мың шаршы метр тұрғын-үй тапсыру жоспарланған. Облыс аудандарында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жастарға арналған 6 жатақхана мен 5 жеке тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Петропавл қаласында салынып жатқан «Солнечный» ықшамауданында биыл және келесi жылы 500-ден астам жер телiмi бөлiнедi. Халықты жұмыспен қамту саласында 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етiлдi. Бiлiм саласында 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалардың 97%-ы мектепке дейiнгi бiлiммен және тәрбиемен қамтамасыз етiлген. Облыс орталығында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталды, кезекте тағы 230 орынға арналған 2 жобаны жүзеге асрыу жоспарланып отыр», — дедi Ерiк Сұлтанов.

Ол басты бағыттарының бiрi партиялық жобалардың жүзеге асырылуы екенiн айтты. Бұл ҰОС ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi, жалғызбасты қарт адамдар, мүмкiндiгi шектеулi жандар, жастар, жетiм балала р мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардың мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Сондай-ақ, партиялықтар өңiрлiк партия филиалының 2015-2016 жылдарындағы жұмысы туралы iс-шара аясында бақылау-тексеру комиссиясының есебiн тыңдап, Саяси кеңес пен өңiрлiк партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады.

Iс-шара барысында конференция делегаттары, түрлi салалардың өкiлдерi Декларацияның негiзгi аспектiлерiн бiрауыздан қолдады.

Конференцияға Саяси кеңес бюросының мүшесi Анатолий Башмаков қатысты. Ол қатысушыларды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтап, декларация жайында өз ойымен бөлiстi.

«Тәуелсiздiк туралы қабылданған декларация – аса маңызды тарихи құжат. Бұл құжаттың құрылымы мен саяси толықтылығы бойынша тарихи маңызы зор. Оның жолы 1991 жылы 29 тамызда Президент Семей ядролық полигонын жабу шешiмiн қабылдағаннан басталды. Бiздiң Тәуелсiздiгiмiздiң бастауына белгi болған. Қазiр 17 миллионнана астам халқымыз бар. Барлық табыс — Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық жауапкершiлiгiнiң қорытындысы», – деді Анатолий Башмаков.

Жиын соңында облыстық партиядық ұйымның дамуына қосқан үлесi үшiн 26 солтүстiкқазақстандық Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының төрағасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.


comments powered by HyperComments