Астана мешіттерінің жамағаттары арасында Тәуелсіздік мерекесіне орай марафон өтті (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Астана мешіттерінің жамағаттары арасында Тәуелсіздік мерекесіне орай марафон өтті (ФОТО)

28 қараша 2016 ж 17:26
ФОТО: muftyat.kz

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласындағы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорттық эстафета марафоны өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Мерейлі мереке қарсаңындағы марафон екі кезеңге бөлінді. Алғашқы кезеңде әйелдер жамағаты «Доп әкелу», «Теннис ракетасы», «Ағашпен доп ойнау», «Шаңғы жарысы», «Мерген», «Хоккейші», «Арқан тартыс» бойынша жарысқа түсті.

Ал екінші кезеңде воллейболдан командалық кездесу өтті. Бұл жарыста «Нұр Астана» және «Әзірет Сұлтан» мешіттерінің шәкірттері «Қазақ арулары» командасын құрып, «Зекет қайсарлары» ойыншылары қарсылас болды. Ойынға спорт шеберінің кандидаты, воллейболдан ұлттық санаттағы төреші Татьяна Беспалова, «Нұр Отан» халықтық партиясының мүшесі, Мейірімділік қоғамдық ұйымының төрайымы Айгүл Сейілова қазылық етті. Әділқазылар шешімімен кездесуде басымдық көрсеткен «Зекет қайсарлары» жеңімпаз деп танылды.

Тәуелсіздік мерекесінің мерейін арттырған кеш соңынан «Зекет» қоры шараға қатысушыларға арнап дастарқан жайды.

Ummet.kz


comments powered by HyperComments