Н.Нығматулин: Тәуелсіз еліміздің көптеген айшықты оқиғалары Парламент қабырғасында өтті
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Н.Нығматулин: Тәуелсіз еліміздің көптеген айшықты оқиғалары Парламент қабырғасында өтті

28 қараша 2016 ж 12:14
ФОТО: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясы барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентаризмді қалыптастыру жолында Елбасының рөліне тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz.


Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Қазақстанның заманауи Парламенті әлемдік талапқа сәйкес келе отырып, ұлттық дәстүрмен, ұлттық мәдениетпен, қазақстандықтардың өмір сүру салтымен ерекшеленеді.

«Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуында барлық демократиялық қайта құрулардың негізгі бастамашысы саналатын Мемлекет Басшысының рөлі айрықша. Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы», – дейді Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төорағасы Тәуелсіз Қазақстан тарихында болатын көптеген маңызды шаралардың Парламент қабырғасында өткендігіне назар аударды. Олардың қатарында Қазақстан астанасын көшіру, Елбасы ұсынысымен бүгінгі күні Кедендік Одақ және Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуымен жүзеге асқан еуразиялық интеграция идеялары бар.

Осы жылы Қазақстан ЕАЭО төрағалық етеді. Осыған байланысты Елбасының бастамасымен 2016 жыл «ЕАЭО-ның үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жарияланды.


comments powered by HyperComments