Парламентте Тәуелсіздік декларациясы қаралып жатыр
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Парламентте Тәуелсіздік декларациясы қаралып жатыр

23 қараша 2016 ж 11:00
ФОТО: BNews.kz архивінен

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Тәуелсіздік декларациясы қаралып жатыр. Маңызды жиынға жалпы 104 депутат, ҚР Премьер-министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Презилдент әкімшілінің басшысы, Конституциялық кеңестің, ҚР Жоғарғы сотының төрағалары, Үкімет мүшелері қатысып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.


Бірлескен отырыста сөз алған ҚР ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин күн тәртібінде маңызды тарихи құжаттың қаралатынын айтты.

«Екі палатаның депутаттары үндеу жолдады. Осыған орай Парламент палаталарының бірлескен отырысында күн тәртібінде бір ғана мәселе енгізіліп отыр. Ол – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық декларациясын қабылдау туралы», – дейді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматуллин Тәуелсіздік декларациясының маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы – өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Осы уақыттың ішінде барлық жетістіктер мен табыстар – ең алдымен, ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Сонымен бірге, әрқашанда Мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке бірлігінің нәтижесі. Сондықтан, Парламентте осы тарихи құжатты қарастыру келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойының ерекше маңыздылығын көрсетеді», – деп түйіндеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы сөз соңын.

Айта кетейік, маңызды жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президент әкімшілінің басшысы, Конституциялық кеңестің, ҚР Жоғарғы сотының төрағалары, Үкімет мүшелері, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Президент әкімшілігінің және Премьер-министр кеңсесінің, Парламент палатары аппаратының жауапты қызметкерлері, депуттар қатысып отыр.


comments powered by HyperComments