Павлодарда «Менің елім – Мәңгілік ел» форумы өтті
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Павлодарда «Менің елім – Мәңгілік ел» форумы өтті

23 қараша 2016 ж 20:04
ФОТО: автор

Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық форумы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен өткен акцияға патриот ұл-қыздар бас қосты. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттауды мақсат еткен, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов өзінің құттықтау сөзінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлем елдері арасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышанына айналып үлгерді.

«Бүгінгі таңда Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда табысты дамып келеді. Жастарға қолдау бар. Тұрғын үйлер, жатақханалар мен әлеуметтік нысандар бой көтерді. Ертіс өңірінде жастар саясаты бағытында толағай табыстар бар. Мәселен, Павлодар облысында жастарға қызмет көрсету орталығы еліміз бойынша бірінші болып ашылды. Бүгінде осы орталықта ілкімді жобалар жүзеге асырылып келеді», – дейді Бауыржан Қасенов.

Еске сала кетсек, республикалық акция 4 қарашада Талдықорған қаласында басталған. Мерекелік шара аясында жастар «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» атты кітапқа тілектерін жазды. Кейін бұл кітап Мемлекет басшысына табысталмақ.

«Бүгін Павлодар қаласына «Менің елім – Мәңгілік ел» атты республикалық акциясы ұйымадстырылды. «Мәңгілік ел» кітабы – акциямыздың негізгі нышаны. Сол кітапқа әрбір аймақтың жастары өзінің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жазады. Ертіс өңірінен соң бұл кітапты Шығыс Қазақстан облысының жастарына табыстаймыз», – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар белсендісі Максим Споткай.


comments powered by HyperComments