«Sputnik» агенттігі Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме ашты (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


«Sputnik» агенттігі Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме ашты (ФОТО)

29 қараша 2016 ж 17:50

Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Астанадағы Ұлттық мұражайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи суреттерін ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде» фотокөрмесі – бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет. Жұмыстар 1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Sputnik объективінде елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми және бейресми ортада, әріптестері мен отбасы мүшелерінің арасында көре аласыздар.

«Ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні және Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді естеріңізге түсіру үшін біз Sputnik мұрағатындағы суреттермен бөлісіп отырмыз. Біз баршаңызды алдағы мейрамдармен құттықтай отырып, Астана тұрғындары мен қонақтарын фотокөрмемізге шақырамыз», – дейді Sputnik Қазақстан агенттігінің бас редакторы Ольга Коваленко.

«Тұңғыш президент күніне орай ашылған бүгінгі фотокөрме, келушілердің қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Себебі, бұл суреттер біздің өмірімізбен, яғни, тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты. Көрмені ұйымдастырушы Sputnik агенттігі және радиосына шексіз алғысымды білдіремін», – дейді фотокөрменің салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Ұлттық мұражайы басшысының орынбасары Сатыбалдин Абай.

«Құрметті достар, ең алдымен осы көрмені ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені, өмірде кездейсоқтық болмайды, тек белгілі бір адамдар тобының үлесі арқылы ғана болатын дүние. Олар өткенге баға беру үшін күресті, сол үшін ризамын. Елбасымыздың суреттерін көруге баршаңызды шақырамын, қазіргі өміріміз қандай еңбекпен келгенін сонда түсінесіздер», – дейді Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

Көрмеге келушілер Қазақстан президентінің Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген сәттерін, Михаил Горбачевпен, Борис Ельцинмен, Владимир Путинмен, Дмитрий Медведевпен кездесулерінің бейресми кадрларын көре алады. 1994 жылғы қарашада орбиталық «Мир» станциясында ғарышқа сапар шеккен Талғат Мұсабаевты Жерде қарсы алған тарихи сурет. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар саммиттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылар ортасында түскен суреті.

Көрме барлық қызығушылық танытқандар үшін 2016 жылғы желтоқсанның ортасына дейін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54 мекен-жайына келеуіне болады.


comments powered by HyperComments