Шымкентте 25 жұлдызды күннің екіншісі ұлттық рәміздерді ұлықтауға арналды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Шымкентте 25 жұлдызды күннің екіншісі ұлттық рәміздерді ұлықтауға арналды

23 қараша 2016 ж 17:05 , Оңтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстанда «Ұлы дала елі  – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күннің екіншісі – «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Осыған орай, Шымкенттің белсенді жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қала орталығындағы іргелі оқу орнының бірі – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 250 студенті қатар тұрып "Мен Қазақстанды сүйемін» деген жазу құрастырды. Мұндай шаралар барлық аудан, қаладағы оқу орындарында ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, «I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Республика бойынша бастау алған 25 жұлдызды күннің екінші таңын бір мезетте 600 мыңға жуық жас өрен әнұран айтып атырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған ұлттық рәміздерімізді ұлықтау шарасы кезінде бір ғана Кентау қаласының өзінде көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта ту таратылды.

Егеменді елдігіміздің нышанына айналған рәміздерді құрметтеу шаралары мұнымен аяқталған жоқ. Облыста аумағында «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты жастар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы өтті.


comments powered by HyperComments