Н.Нығматулин: Діни экстремизммен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек

Н.Нығматулин: Діни экстремизммен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек

19 мамыр, 16:55 331 Ақтөбе облысы
Н.Нығматулин: Діни экстремизммен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин діни экстремизммен күрес мәселесінде барлық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс жасауы керек. Ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, баршаның ортақ міндеті деп есептейді, деп хабарлайды BNews.kz

Бұл туралы Н.Нығматулин Ақтөбеде өткен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған көшпелі отырыс жұмысын қорытындылау кезінде атап өтті.

«Елбасымыз әрқашанда мемлекетіміздің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып келеді. Биылғы Жолдауында да осыған байланысты нақты тапсырмалар берілді. Олардың барлығын сапалы заңдармен қамтамасыз ету Парламент депутаттарының басты міндеті. Сондықтан, бүгін біз мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және дін өкілдерімен бірлесіп, маңызды ұсыныстарды талқыладық»,- деді ол.

Айтылғандар Үкімет алдағы күзде Парламентке енгізуге жоспарлап отырған діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізу барысында баса назарға алынбақ. Осы орайда Мәжіліс спикері алдағы уақытта да бүкіл қоғам болып, экстремизм мен терроризмге қарсы барлық мүмкіндікті, барлық күшті біріктіре отырып, Елбасы тапсырмасына сәйкес, өте сапалы, өте тиімді заң жобасын әзірленетіндігіне сенім білдірді.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлан Нығматулин»