Н.Нығматулин мен Корей Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін айтты

Н.Нығматулин мен Корей Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін айтты

20 маусым, 14:48 333 Астана
Н.Нығматулин мен Корей Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін айтты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсика Кимді қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың өзекті және парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Мәжіліс спикері Кореяның – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық маңызды серіктестерінің бірі екендігін және екі мемлекеттің қарым-қатынасындағы өзара саяси белсенділікті атап өтті.

Н.Нығматулиннің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың қарашасындағы Сеулге сапары жаңа стратегиялық серіктестіктің келешегіне жол ашты.

Кореялық дипломат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өркендеуіндегі сарабдал саясатын атап өтіп, корей диаспорасына деген ықыласына алғысын білдірді. Ол Астанада өтіп жатқан ЭКСПО- 2017 маңызына, Оңтүстік Кореяның инновациялық мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, өндіріс саласына, электрэнергиясын сақтау мен пайдалану, «жасыл энергетика» мен энергия көздерін жаңғырту мәселелеріне тоқталды. Дэсик Ким корей үкіметінің Астанадағы халықаралық көрмеге қызығушылығы жайын айтып, оның табысты өтетініне сенім білдірді. Әңгіме барысында ядролық қарусыздану мен оны таратпауға да назар аударылды.

Спикер мен Елші жүздесуде екі ел парламентаралық байланыстарын нығайту, Азия парламентаралық Ассамблеясы және Парламентаралық Одақ шеңберіндегі байланыстардың тиімділігін тілге тиек етті.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «ЭКСПО-2017»