«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талғар ауданында жаңа мектеп салынып жатыр
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талғар ауданында жаңа мектеп салынып жатыр

23 қараша 2016 ж 19:40 , Алматы облысы
ФОТО: zhetysu.gov.kz

Талғар ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа мектеп салынып жатыр. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін білім ошағы келесі оқу жылында Белбұлақ ауылында бой көтереді, деп хабарлайды BNews.kz.


Қазір ауылдағы қолданыстағы мектепте 566 бала оқиды. Оқушылар санының тұрақты артуына байланысты балалар әзірге үш ауысыммен оқытылады. Оған қоса, 200-ге жуық бала жақын жердегі ауылдарға барып-келіп оқиды. Осы мәселенің түйінін тарқату мақсатында биылғы жылдың мамыр айында 600 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылысы басталған болатын. Бұл ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі.

«Бүгінгі күні Белбұлақ ауылындағы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта білім мекемесімен тек жергілікті балаларды ғана емес, көрші ауылдардағы балаларды да қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл – үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге ықпал етеді», – дейді Талғар ауданының әкімі Р.Садықова.


comments powered by HyperComments