Әлихан Бәйменов Минскдегі форумда мемлекеттік қызметті модернизациялау факторларын баяндады
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Әлихан Бәйменов Минскдегі форумда мемлекеттік қызметті модернизациялау факторларын баяндады

30 қараша 2016 ж 18:05 , Астана
ФОТО: Qazaquni.kz

Минскіде (Беларусь) «электронды үкіметті» дамыту мәселелері бойынша сарапшылар форумында Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқару комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметті модернизациялау мен мемлекеттік басқаруды дамытудағы ғаламдық және аймақтық трендтермен таныстырды. Форумды Беларусь Республикасы үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.


Форумға Беларусь президент әкімшілігі өкілдері мен үкімет мүшелері, «электронды үкімет» саласындағы халықаралық сарапшылар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші әлемдік компаниялар мамандары қатысты.

Әлихан Бәйменов XIX ғасырдағы заңгерлердің бірінің: «заңдар өскелең адамның киімі тәрізді болуы керек. Ол адамға қызмет ететіндей пішілуі тиіс – өсуін шектемеуі қажет» деген нақылын еске салды. Мемлекеттік қызметті модернизациялаудың төрт өзара байланысты бағыттарының алғашқысын баяндамашы «заманауи, уақыт тезіне жауап беретін, дамуға жағдай жасайтын заңнама болуы тиіс» деп атап көрсетті.

«Екіншісі – мемлекеттің тиімділігі үшін ғылым мен технологиялар жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін инновациялар. Үшіншісі – мемлекеттік қызметті бүгінгі күн талабына сай, өзгерістерді басқарып, оларға икемделе алатын кадрлармен толықтыру. Төртіншісі – орта (инфрақұрылым, мәдениет)», – деді Алихан Бәйменов.

 Сонымен бірге ол мемлекеттік қызметті модернизациялау мемлекеттік қызмет сапасын көтеру үшін керектігін, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет үдерістерін азаматтар үшін қарапайымдатып, олардың сенімін арттыруға әкелуі тиістігін айтты.

Форум барысында мемлекеттік басқару шешімдері тиімділігін жетілдіруде инновациялық технологияларды қолдану, цифрлық трансформацияның әр түрлі қоғамдық қатынастар мен экономика секторларындағы ерекшеліктері сөз болып, Израиль мен Эстония үлгісінде ақпараттық жүйелерді енгізу тәжірибелері талқыға салынды. Қатысушылар мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала және экономика салалаларында заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті.


comments powered by HyperComments