Алматыда алты көшенің атауы өзгерді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 328.49
EUR 352.77
CNY 47.9
RUB 5.55


Алматыда алты көшенің атауы өзгерді

1 желтоқсан 2016 ж 12:37 , Алматы
ФОТО: Yvision.kz

Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгерді. Таяуда Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды, деп хабарлайды BNews.kz Алматы ақшамы газетіне сілтеме жасап.


Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

«Көкқайнар» шағын ауданындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

«Әйгерім-1,2» шағын ауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

8-линия көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Көктөбе» шағын ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Қалқаман-2» шағын ауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


comments powered by HyperComments