Алматыда басты рөлде әнші Қайрат Нұртас ойнаған фильмнің тұсаукесері өтті (ФОТО)
Сайлауды қолдау
Наверх

Астана
dol USD 360.37
eur EUR 402.93
rub RUB 4.59

Алматыда басты рөлде әнші Қайрат Нұртас ойнаған фильмнің тұсаукесері өтті (ФОТО)

9 сәуір 2013 ж 23:38, Алматы

Алматыда басты рөлде танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ойнаған «Өкініш» атты лирикалық драманың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер салтанаты отандық танымал адамдар мен киноны «әзірлеушілер» жүріп өткен қызыл кілемшеден басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Жоба авторларының айтуынша, кинодағы оқиға қазіргі заманда құрылған. Сюжет лирикалық кейіпкер Қайрат пен оның отбасы, сүйіктісі және достарымен қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Кино мамандары танымал отандық орындаушының күнделікті өмірін неғұрлым шынайы етіп көрсетуге тырысқан. Фильмдегі бас кейіпкердің ата-анасының рөлін оның шынайы өмірдегі ата-анасы ойнап шықты.
Қайрат Нұртастың айтуынша, «Өкініш» фильм сюжетінің 70%-ы шындық болса, 30%-ы ойдан құралған. Ол сондай-ақ әншілікті тастамайтынын мәлімдеді.
«Әншілікті мен ешқашан тастамаймын. Мен ән салмай жүре алмаймын, қайда жүрсем де ән салып жүремін. Мен өзімді керемет актермін деп айта алмаймын, бірақ ұл іс маған ұнады», – деді Қайрат Нұртас.
«Өкініш» фильмінің бюджеті 500 мың долларды құрады. 

Фильмге сондай-ақ Сиви Махмуди, Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов та түскен.
2013 жылғы 11 сәуірден бастап «Өкініш» фильмі прокатқа шығады.  

comments powered by HyperComments