«Алтын қалам 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


«Алтын қалам 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

24 қараша 2016 ж 12:23 , Алматы
ФОТО: Kazakhstan press club

Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында «Алтын қалам 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесіне жеңімпаз атанғандардың есімі жарияланды. Жүлденің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысып отырған авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазылған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz.


Жұмыстар 2016 жылы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді. Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге 446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын ұсынды. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

Қазылар шешімімен анықталған жеңімпаздар:

«Жылдың үздік поэзиясы»

Айманбетов Дәурен – (шығармасы – Алло.. ) Шымкент;

«Жылдың үздік прозасы» – Әбузарова Жанел (шығармасы – Тезекбай) Алматы;

«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы»

Қами Нұрлан (шығармасы – Қаламгер) Алматы;

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті»

Сүттібай Орынбасар (шығармасы – Қанатты барыс, көк бөрі және Бабыр батыр) Оңтүстік Қазақстан облысы;

«Жылдың үздік сатирасы»

Байбосын Сайлау (шығармасы – Асқазаныңыз ауырмай ма?) Екібастұз;

«Жылдың үздік фантастика немесе детектив шығармасы» – Нұрмұханбет Ділдәгүл (шығармасы – Құпия жәшік тұтқыны) Алматы.

Орыс тілінде жазылған шығармалар бойынша:

«Лучшая поэезия года»

Наталья Слудская (шығармасы – Оранжевое на сером) Алматы ;

«Лучшая проза года»

Жанайдаров Орынбай (шығармасы – Последний хан Золотой Орды ) Көкшетау;

«Лучшая детская и подростковая  литература года»

Бауыржанова Гүлнұр (шығармасы – Невозможное. Авторы 14 жаста) Павлодар;

«Лучшая сатира года»

Денисова Наталья (шығармасы –Тараканы в голове ) Қызылорда;

«Лучшая фантастика и детектива года»

 Лазарева Людмила (шығармасы – Координатор) Алматы;

«Лучший кино сценарий и драматургия года»

Рахимбаева Мадина (шығармасы – Снегопад).

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен

Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі үшін «Бабалар сөзі» жүз томдығын шығарған  М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі үшін» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың үздік романына алғаш рет арнайы бәйге жарияланды. «Жылдың үздік романы» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған Сәукетаев Тұрысбек меценат Кеңес Рақышев тағайындаған 1 000 000 теңгеге ие болды. Сонымен қатар, QAZKOM банкінің қаржылай қолдауымен байқаудың таңдаулы шығармалары 2017 жылы жарық көретін «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің жинағына енеді.

Сондай-ақ, биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек АҚШ, Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Израиль азаматтары да қатысты.


comments powered by HyperComments