Астана бюджетінің жобасы мақұлданды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Астана бюджетінің жобасы мақұлданды

28 қараша 2016 ж 11:30 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды. Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді, соның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған. Қала қазынасының негізгі бабы әлеуметтік салаға жұмсалады,  деп хабарлайды astana.gov.kz.


«Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған», – деді әкімнің орынбасары.

Сөз сөйлеу барысында Андрей Лукин алдағы жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптастыруға қандай көлемде үлес қосатынын хабарлады.

«Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттің жобасында бюджеттің алулары шамамен 20,5 млрд теңге, яғни, бүкіл ел болып елорданы салса, енді елорда донор бола отырып, республикалық бюджетке қаржы құяды», – деді Андрей Лукин.

Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлады, және елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті.

«2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді, биылға жоспарланған бюджетке қатысты өсім 32,5 млрд теңге немесе 18%. Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кірістерінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым –90-нан 97% -ға дейін. Соның ішінде, елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді – төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы – 43% және әлеуметтік салық – 36%», – деді әкімнің орынбасары.


comments powered by HyperComments