Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтеді
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтеді

24 қараша 2016 ж 11:37 , Астана
ФОТО: astana.gov.kz

2016 жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған республикалық ақпараттық-насихат акциясы өтеді. Шараға қатысушылар – мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам өкілдері. Ақпараттық науқан барысында елорда сақшылары дәрістер оқып, дөңгелек үстел басында жиналады, түрлі флешмоб ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz  елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заңгерлік кеңес беру. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру және сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы хабарлау.

Сондай-ақ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері және психологтар мұқтаж азаматтарға некелері мен отбасын сақтау бойынша, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын реттеуде психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді.

Акция барысында сауда-ойын сауық орталығында концерт ұйымдастырылады. Астана қаласының тұрғындары ақпарат пен маман кеңесін алу үшін психологиялық көмек көрсету жөніндегі қалалық дағдарыс орталығына (49-78-89, психолог мамандар) немесе Астана қаласы ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің 71-60-63 сенім телефонына  хабарласа алады.


comments powered by HyperComments