Атырауда заңсыз берілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Атырауда заңсыз берілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды

ФОТО: автор

Атырау қаласында заңсыз берілген 4 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне кері қайтарылды. Жер кодексінің талаптары сақталмай, заңсыз қаулы шығарылған 38 жер телімі қала маңындағы шағын аудандарда, бау-бақша егу мақсатында берілген. Прокурорлардың тексеруінен кейін арнайы комиссия шешімінің күші жойылып, мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Қалалық прокуратура өкілдерінің ықпал етуінің арқасында әкімдіктің лауазымды тұлғаларының теріс қылықтары әшкере болды. Жер телімдеріне бір күннің ішінде рұқсат беріліп, барлық уәкілетті органдардан келісім алынған. Ал іске прокуратура органдары араласқан соң қалалық әкімдіктің лауазымды тұлғалары қылмыстарын жасыру мақсатында осы 38 жер телімі бойынша жиналған құжаттарды қасақана жоғалтып жіберген. Дегенмен, кейбір көшірмелерін сақтап қалудың арқасында қазір барлық құжаттардың күші жойылып, жер телімдері мемлекет меншігіне толығымен қайтарылды.

«Талдау барысында анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша қала әкімінің атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс берілді. Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 38 жер учаскесін беру жөніндегі комиссия қорытындысын жарамсыз деп танып, қала аумағынан мына 38 учаскенің заңсыз беріліп кетуінің алды алынды. Ал аталған салаға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының бұған дейін қызметінен өз еркімен босап кетуіне байланысты оның жауапкершілігі шешілген жоқ», – дейді Атырау қалалық прокуратурасы, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы Еркебұлан Ермеков.


comments powered by HyperComments