Аяз ата ғажайыпқа сенетін барлық баладан хаттар қабылдауға дайын
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Аяз ата ғажайыпқа сенетін барлық баладан хаттар қабылдауға дайын

23 қараша 2016 ж 13:59
ФОТО: voxpopuli.kz

«Қазпочта» АҚ «Аяз атаға хат жаз» деп аталатын жаңа жылдық акцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Хаттар 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Барлық алынған хаттар «Қазпочта» АҚ-да жиналып, сұрыпталады, ал құрамына компанияның қызметкерлері мен серіктестері кіретін арнайы комиссия сыйлықтарды табыстау үшін хаттарды таңдайды. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобының балаларынан, жетім балалардан және жағдайы төмен отбасылардың балаларынан келген хаттарға сөзсіз басымдық беріледі, деп хабарлайды BNews.kz.


«Өткен жылы біз серіктестерімізбен бірге мыңға жуық сыйлық тараттық және бұл жоба жаңа деңгейге шықты – бізді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдап, балаларға өз атынан сыйлық жіберді. Осы жылы отандастарымыздың балаларының тілектері орындалуына көмектескісі келетін министрлер мен ірі компаниялардың басқарма төрағалары да оның жолын жалғастырады деп сенеміз», – дейді «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Республиканың барлық өңірінде балаларға сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар костюмін киінген компанияның қызметкерлері, серіктестер мен БАҚ өкілдері табыстайды. Сондай-ақ, Аяз атаға хат жазып, мекен-жайын көрсеткен барлық балаға «Қазпочта» АҚ Аяз атаның атынан жаңа жылдық құттықтау жазылған түрлі-түсті хаттар мен компания атынан естелік сыйлық жібереді.

Аяз атаға хатты облыс орталықтарындағы барлық басты почтамттардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы «Мега» ОСО, Астана қ. «Керуен» ОСО, Павлодар қаласындағы «Батыр Молл» ОСО-дағы арнайы жәшікке салу арқылы жіберуге болады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары пошта бөлімшесінің операторы арқылы өз хатын беруі қажет, ол хатты Аяз атаға жеткізеді.

Осы жылы акцияның серіктестері «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту фонды, Tengrinews.kz, «Казкоммерцбанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Alina» компаниялар тобы, «НОМАД Иншуранс» СК АҚ, «Еврофарма» ЖШС, «Best For Kids» қоғамдық фонды, Ұлттық Волонтерлік желі және басқа да компаниялар.

Тілек білдіруші кез келген азамат балалардың ғажапқа сенуіне көмектесе алады! Акцияның серіктесі болғысы, осылайша жаңа жылдық дәстүрді қолдағысы келетін компаниялар dedmoroz@post.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарласа алады. Сондай-ақ, кез келген адам www.post.kz сайтында, «Аяз ата поштасы» бөлімінде баланың тілегі бар хатты таңдап, баланың арманын жүзеге асыра алады.


comments powered by HyperComments