Бас прокуратура жастардың жиһадқа кету себебін айтты
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 315.55
EUR 338.93
CNY 45.73
RUB 5.53


Бас прокуратура жастардың жиһадқа кету себебін айтты

29 қараша 2016 ж 09:56
ФОТО: livejournal.com

Жастардың жиһадқа кетуіне интернет кінәлі. Бүгін Бас прокуратура Сирияға соғысқа аттанған отандастарымыздың 80 пайызы осы ғаламтордағы радикалдардың жалған ақпаратына сеніп шекара асып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Жыл сайын интернетте жиһадқа үндейтін жүз мыңдаған сайт пайда болады. Ондағы діни экстремистік материалды оқығандар соқыр сенімнің жетегінде Сирияға аттанады дейді прокурорлар. Оның үстіне әлеуметтік желіні шебер меңгерген уағызшыларды ұстау техникалық жағынан мүмкін емес. Өйткені, сыртта отырып, жастарды дінінен адастыратын ұйымдардың сервері шетелде орналасқан. Прокурорларға мұндай сайттарға тосқауыл қою қиынға соғып тұр.

«Интернеттегі жалған ақпараттар жастардың миын шырмап, террористік топтардың құрамына кіруіне ықпал етіп отыр. Тіпті, санасы уланғаны сонша, аз уақыт ішінде өзінің өмірін қиып жарылыс жасауға дейін дайын тұрады», – дейді Бас прокуратураның Халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары Әлжан Нұрбеков.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments