Бүгін – ҚР Тұңғыш Президенті күні
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Бүгін – ҚР Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан 2016 ж 09:00 , Астана

Бүгін қазақстандықтар Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Осыдан тура 25 жыл бұрын 1 желтоқсанда Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевты президент етіп сайлаған. Осы айтулы дата соңғы бірнеше жылда Тұңғыш президент күні ретінде тойланып келеді, деп хабарлайды BNews.kz.


ҚР Тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойылды.

1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев  халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан биік белестерді бағындырды, әлемдік аренада абырой-беделі артты.

 


comments powered by HyperComments