Бүгін ақпарат туралы заң жобасына қатысты ұсыныстар талқыланады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Бүгін ақпарат туралы заң жобасына қатысты ұсыныстар талқыланады

24 қараша 2016 ж 16:23 , Астана
ФОТО: androha.ru

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қымбатты достар! Бүгін ақпарат және телекоммуникациялар саласындағы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді.

Өздеріңіз білетіндей, жұмыс тобының құрамында БАҚ қызметкерлері, байланыс саласы мен мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеуде.

Бүгінге дейін топ мүшелері заң жобасына өзгертулер енгізуге қатысты екі жүзден астам ұсыныс берді. Алдымызда осы ұсыныстарды талқылау міндеті тұр.

Бұл өз қызметін ашық та айқын жүргізуді көздеген біздің министрлік бағытының тиімділігін көрсетеді.

Жалпы, азаматтық сектормен, сарапшы қауыммен бірлесе отырып, ақпараттық саладағы құқықтық алаңды жетілдіру жұмысын табысты іске асыратынымызға сенімім кәміл», деп жазды министр.


comments powered by HyperComments