Бүгін Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысты сот үкімі шығады
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Бүгін Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысты сот үкімі шығады

ФОТО: автор

Ақтөбеде 5 маусым күні болған лаңкестік оқиғасына байланысты сот үкімі жарты сағаттан соң оқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Ақтөбеде 5 маусым күні болған лаңкестік оқиғасына байланысты сот үкімі жарты сағаттан соң оқылады. Сот залына кіргізілетіндердің арнайы тізімі жасалды. Қауіпсіздік бақылауға алынды. Сот залына кіретіндер арнайы төрт тексеруден өтті. Сотқа сотталушылардың ата-аналары мен тілшілер ғана жіберілді.

Айта кетейік, 28 қараша күні сот үкімі шығатындығы бұған дейін хабарланды. Мемлекеттік айыптаушылар лаңкестік оқиғаға қатысып, қолына қару алған 9 сотталушының жетеуін өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

«Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты қылмыстық іс бойынша сотталушылар соңғы сөзін айтты. Сотталушылардың соңғы сөзін тыңдаған судья кеңесу бөлмесіне көшті. Бірнеше қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары үшін, оның ішінде террористік акт жасауға тікелей қатысқандары үшін айыпталған сотталушылар соңғы сөзінде жасаған қылмыстары үшін өкініп, соттан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады. Сотталушылар Айдос Жұбанов пен Азамат Әбдірахманов соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Бұл сотталушылар – терроризм актісіне тікелей қатысқандар. Ал қылмыс туралы хабарламағандары және қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталған сотталушылар сотта өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл жерде қылмысты жасырған Рустам Гацаев тағылған айыптар бойынша оны ақтауды сұрады», – деген болатын Илиада Досова.

Мемлекеттік айыптаушылар біле тұра ақпарат бермеген 18 сотталушыны айыпты деп танып, 13-ін 6 жылға, төртеуін 4 жылға, біреуін 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал қылмыскерлерді жасырып, пәтер жалдап берген Мирлан Ердауовты 4 жылға бас бостандығынан айыру, Үсен Өтеповке 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.


comments powered by HyperComments