Бүгінде әл-ауқаты орта деңгейден жоғары мемлекеттердің қатарына кірдік – Н.Назарбаев
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 311.49
EUR 329.84
CNY 45.33
RUB 5.38


Бүгінде әл-ауқаты орта деңгейден жоғары мемлекеттердің қатарына кірдік – Н.Назарбаев

1 желтоқсан 2016 ж 12:18 , Астана
ФОТО: BNews.kz мұрағатынан алынды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы басталды. Форум жұмысын ашқан Мемлекет басшысы еліміздің сан қиындықтардан мойымай өтіп, осындай деңгейге жеткеніне тәубә деу керектігін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен неше түрлі мамандықтың жастары жиналды. Бәріміздің қуанышымыз шексіз. Жас ұрпақтың қуаты – бұл Тәуелсіз Қазақстанның қуаты, болашағы деп санаймын. Тұңғыш Президент күні - қазақ қазақ болғалы, біз ел болғалы өз бетімізбен тұңғыш мемлекет басшымызды халық болып дербес сайлап алған күніміз. Сондай-ақ, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы – ата-бабамыздың шексіз арманы орындалғаны. Еліміз қиыншылықтың бәрін көтерді. Осы заманға аман-есен жетті. Қазақстанды дүниежүзінің картасына нық қойғанымыз, дәрежесін көтергеніміз. Бұрын  Кеңес одағының бір бөлшегі едік. Сол бөлшектен ел жасау, жұрт жасау, оның барлық керекті рәміздерін бекіту, дүниежүзіне паш ету оңай болған жоқ. Аштықтың да, жалаңаштықтың да, жұмыссыздықтың да бәрінен өттік. Бүгін әл-ауқаты орта деңгейден жоғары мемлекеттердің ішіне кірдік. Оған тәубә деуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет және спорт салаларының 1000-нан астам белсенді жастары қатысып жатыр.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments