Екібастұз қаласында 36 жас отбасы баспаналы болды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Екібастұз қаласында 36 жас отбасы баспаналы болды

Ермек ЕЛЕМЕСОВ, 2 желтоқсан 2016 ж 13:42 , Павлодар облысы
ФОТО: автор

Екібастұз қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 36 жас отбасы үшін төрт қабатты жатақхана салынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Людмила Яценконың айтуынша, пәтерлерге ие болғандардың дені – 29 жасқа дейінгі балалар үйлерінің түлектері, медициналық қызметкерлер және жұмысшы жастар.

Жатақхана құрылысына 172 млн теңге бөлінді. Бұл қаражаттың 146 млн теңгесі республикалық бюджетке тиесілі.

Төрт қабатты жатақхана 2 және 3 бөлміле пәтерлерлен тұрады. Баспаналы болғандардың қатарында Екібастұз қаласының №3 ауруханасының қызметкері Мөлдір Мекен тұрғын үй кезегінде бірнеше жыл тұрған.

«Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындапәтре иесі атандық. қуанышымызда шек жоқ», – дейді Мөлдір Мекен.

Айта кетейік, жыл басынан бері Екібастұзда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 110 пәтерден тұратын 2 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Ал өзге өңірлерден көшіп келген азаматтар үшін 74 бөлмелік жатақхана ашылған.

Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері 700-ден астам азамат пәтерлі болған. Алдағы уақытта тағы 100 пәтерге шақталған нысан ел игілігіне берілмек.


comments powered by HyperComments