Екібастұзда 56 жастағы пәтер алаяғы ұсталды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 318.61
EUR 339.1
CNY 46.4
RUB 5.52


Екібастұзда 56 жастағы пәтер алаяғы ұсталды

ФОТО: starodub-sv.ru

Екібастұз қаласында пәтер алаяқтығы бойынша күдікті 56 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Айта кетейік, күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласының бірнеше тұрғыны алданып қалғаны туралы полицияға шағымданған. Қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу тобы құрылған.

«Тергеушілер алаяқтық жасады деген күдікпен 56 жастағы әйелді ұстады. Ол алдын ала жоспарланған сызбамен жұмыс істегені анықталды. Пәтер іздеп жүрген тұрғындарға баспана сатып алуды ұсынып, кейін жалған келісімшарттар жасаған. Бір қызығы, тұрғындар оның сөзіне сеніп, ақша берген. Осыдан 6 жыл бұрын ол алаяқтық үшін сотталған болатын», – дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше, екібастұздық қылмыстық істің үш дерегі бойынша күдікті деп танылған. Алаяқ құрбандарын алдап-соғып, 6 млн теңгені қалтасына басқан.

Қазір ол уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments