Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайды – Д.Абаев
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайды – Д.Абаев

1 желтоқсан 2016 ж 13:05 , Астана

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.


«Ардақты ағайын! Бүгін халқымыз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуда. Бұл күн - төл тарихымызда тұңғыш рет президенттік басқару жүйесі бастау алған күн. Егемендіктің ең қиын жылдарында президенттік билік қоғамды топтастырудың, саяси тұрақтылық пен қалыпты дамуға жұмылдырудың құралы ретінде қызмет етті. Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайып, әлемге жаңа Қазақстанды әйгілей отырып, табысты мемлекет құрды. Еліміз бірліктің бесігіне, татулықтың тұрағына айналды. Мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!», - деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.


comments powered by HyperComments